KZ  |  RU
"Poliklinika №1" ЖШС г.Павлодар
 
ЕМХАНА сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы №504/у бұйрығы негізінде «Poliklinika №1» ЖШС халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшеді. Павлодар облысының медициналық ұйымдарында жоспарлы емдеуге (тәулік бойы күндізгі стационарларға) жатқызу, профилактикалық тексерулер, скринингтер және оңалтулар тоқтатылды.
 
қабылдау бөлмесінің телефоны/факсі:
тіркеу орны телефоны:
73-02-12 (многоканальный)
жазылуға арналған телефон:
дәрігерді үйге шақыру:
терапевт дәрігерге жазылу:
арнайы мамандарға жазылу:
Әйелдер консультациясы:
балалар консультациясы
(Иса Байзақов к-сі 151/2):
пациенттерге қолдау қызметі:
 
Бас дәрігер – Туребаев Алтай Уралович
Бас дәрігердің Whats App нөмірі 87075609498
Ақпарат тек хабарлама түрінде қабылданады!
 
Бас дәрігердің ЕАЖ жөніндегі орынбасары – Алиева Рымжан Гаусильевна
Бас дәрігердің МҚСБ жөніндегі орынбасары – Брыкова Раушан Кабиевна
 
ОБЪЯВЛЕНИЕ
    В ТОО "Poliklinika №1" требуются:
    • фармацевт
    • администратор программного обеспечения (программист)
    • офис-менеджер (секретарь)
    • врач эпидимиолог, врач инфекционист
    • врачи общей практики, медицинские сестры
    • фельдшер
    • акушерка
    • плотник высшей категории
Заработная плата при собеседовании.
Обращаться по адресу: ул. Ломова, 49, кабинет 402
Телефон: 67-30-95, 87770696800 в рабочие дни.
Электронная почта: pol1.kadry@bk.ru
 
«Poliklinika №1» ЖШС ересек тұрғындар мен балаларға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, яғни өзіне бастапқы медициналық санитариялық көмекті енгізетін, амбулаторлық-емханалық көмек түрін ұсынатын облысымыздың үлкен емдеу-диагностикалық мекемелерінің бірі болып табылады.
    Миссиясы
    • Алдын алу — сауықтыру — емдеу
    Пайымдау
    • БМСК деңгейінде аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің ұтымды нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу негізінде тиімді және қолжетімді медициналық көмек көрсету.
    Мақсаты
    • Медициналық қызметтер көрсету сапасын және халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсартуға бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға және нығайтуға үлес қосу.
    Міндеттері:
    • Кәсіпорынды басқаруды жетілдіру;
    • Ұйымда бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту;
    • Ана, сәби және бала өлімінің және әлеуметтік маңызы бар аурулардың көрсеткіштерін төмендету;
    • Ауруханаға жатқызу деңгейін төмендету және емхана, жедел жәрдем және стационар арасында медициналық көмек көрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ету;
    • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің орындалуын қамтамасыз ету;
    • Ана және баланы қорғау;
    • Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру;
    • Кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту және дәрігерлік және мейірбикелік персоналдың біліктілік деңгейін арттыру;
    • Халыққа, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмектің сапасын жақсарту; инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың деңгейін төмендету;
    • Медициналық көмекті үздіксіз жетілдіру мақсатында медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметтің, клиникалық аудит жүйесінің, емдеу процестерін медициналық көмек сапасының сыртқы және ішкі индикаторымен және медициналық-экономикалық тарифтермен белгіленген мәніне бағалау жұмысын жақсарту;
    • Салауатты өмір салтын насихаттау және халықты гигиеналық оқыту;
    • Практикаға инновациялық технологияларды және профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу.
    Біздің ұйымның негізгі құндылықтары:
    • Нәтиже сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды және диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу.
    • Емдеу-диагностикалық үрдістің барлық қол жетімді медициналық құралдарын меңгеру дағдыларын жетілдіру.
    • Ұйымның Ғылыми-білім беру қызметін оның мүшелерінің кәсіби өсуі және біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру мақсатында дамытуға жәрдемдесу.
    • Дәрігерлік қайырымдылықтың, жанашырлық пен науқас адамға көмек көрсету тілегі сияқты дәстүрлі қағидаларды сақтау.
    • Біздің қызметкерлеріміздің қызметіндегі айрықша адалдық, парасаттылық, жауапкершілік, тәртіп және жоғары кәсіби этика қағидаттарын басшылық ету.
    Біздің ұйымның мәдениеті
    • Медициналық ұйым мәдениеті мен рухын онда жұмыс істейтін адамдар, олардың оптимизмі, науқасқа деген махаббаты, өз ісінің керектігіне сенімділігі анықтайды.

Мәдениет өзегі құндылықтар болып табылады. Ұйымның негізін қалаушылар мен неғұрлым беделді мүшелері бөлетін және декларациялайтын құндылықтар көбінесе қызметкерлердің ұйымшылдығы тәуелді негізгі буынға айналады, көзқарастар мен іс-әрекеттердің бірлігі қалыптасады, демек, ұйымның мақсаттарына тиімді қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

- Михельсон-Ткач В.Л.
    Біздің қызметкерлер ұжымы біздің ұйымның мәдениетін қалыптастырады, оның негізінде:
    • адамның денсаулығын қалпына келтіру мен азабын жеңілдетудің жалпы мақсатына жетудегі мүдделердің бірлігі;
    • қызметкерлердің өз еңбек міндеттемелерін сапалы және кәсіби орындауға ұмтылуы;
    • кәсіптік-еңбек қызметі процесінде өздігінен білім алу мен жеке өсуді ынталандыру;
    • қызметкердің салымы мен оның сыйақысы арасында әділ байланыс орнату;
    • біздің ұйым ұжымындағы әрбір маманның сенім және қолдауының басымдығын құру.
«Poliklinika №1» ЖШС 140008, Павлодар қаласы, Ломов к-сі 49, pol1_pvl@bk.ru «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ-мен 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №10 шарт жасалғаны туралы хабарлайды.
239 бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
036 бағдарлама – жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету.
100 бағдарлама – мамандырылған көмек көрсету.
Медициналық көмек түрі және нысаны – білікті, мамандандырылған, стационарды алмастыратын көмек.
159 ерекшелік – өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
    «Poliklinika №1» ЖШС бекітілген тұрғындарды жыныстық-жас мөлшерлік ерекшелікке сәйкес келесі ауру түрлерін анықтау үшін ТЕГІН скринингтік тексеруден өту үшін шақырады:
    • 1. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары
      40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер
    • 2. Қант диабеті
      40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер
    • 3. Глаукома
      40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 70 жастағы ерлер мен әйелдер
    • 4. Сүт бездерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері
      30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер
    • 5. Жатыр мойнының қатерлі және қатерсіз ісіктері
      30, 34, 35, 38, 39, 42, 44, 46, 49, 50, 54, 55, 58, 59, 62, 64, 66, 70 жастағы әйелдер
    • 6. Тоқ ішектің және тік ішектің ісікалды және ісік аурулары
      50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

Ломов к-сі 49 мекенжайы бойынша жүгінуге болады

дәрігерге дейінгі кабинет – 105

әйелдерді қарау кабинеті – 106А

сағат 8.00-ден — 18.00-ге дейін

73-02-12 телефоны бойынша ақпарат алуға болады